Ұрлықтың жолы кесілді

0 8

Ағымдағы жылы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған ұрыны құрықтады. Бұл тұлға тек 2 ай ішінде Жамбыл ауданында 6 тұрғын-үйге заңсыз кіру арқылы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған,- деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұры үй иелерінің жүріс-тұрысын аңду арқылы, олардың нақты үйде болмаған уақыттарын ыңғайлап, үйге заңсыз кірген соң алтын бұйымдардан бастап азық-түлік заттарына дейін жымқырған.
Полиция қызметкерлерінің күшімен бұл тұлға әшкереленіп, қамаққа алынған.
Нәтижесінде сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
-Облыс тұрғындарын өз мүліктеріңізді сақтау үшін шаралар қолдануға, оны қараусыз қалдырмауға, үйлеріңіз бен мүліктеріңізді қылмыстық қол сұғушылықтан барынша қорғауға шақырамыз,-делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.