Жамбыл облысының Қоғамдық кеңесінің отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті облыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын таныстырды.
Облыстық әкімдікте бейнеконференцбайланыс арқылы өткен жиынға облыстық және аудандық деңгейдегі кеңестің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы мен жетекшілері қатысты.
Аталған шара барысында Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев жиналғандардың назарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын көрсетті.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы өңірдегі жұмысты жоспарлау тетіктеріне де, олардың мониторингіне де жүйелі көзқарасты талап ететін әлеуметтік маңызды мәселелер негізінде әзірленді.
Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратын: «жолдар және инфрақұрылым», «экономика және қаржы», «жер», «құрылыс және тұрғын үй», сондай-ақ «олигополия» салаларды қамтиды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін айтарлықтай арттырады»,-деп атап өтті Е.Бақтыхожаев.
«Қоғамдық кеңес өз тарапынан Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасында көрсетілген бағыттарды қолдайды және сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек көрсетуге дайын», — деп қосты Кеңес төрағасы Марат Әбдірайымов.
Жиын барысында мониторинг нәтижелері бойынша анықталған «Тараз» ӘКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де аталып өтілді.
Жүргізілген талдау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық көрсету, жер телімдерін заңсыз беру, алдын ала тиімсіз инвестициялық жобаларды қаржыландыру, микроқаржы ұйымдарының қаражатын бөлінуіне бақылаудың жоқтығымен байланысты елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, бұл көптеген бұзушылықтар, сондай-ақ, тұрақтандыру қорының қызметін ұйымдастырудағы жүйелі проблемалар және т.б анықталды.
Шара барысында көптеген ұсыныстар мен ұсынымдар жаңғарылды. Қоғамдық кеңес мүшелері бюджет есебінен салынып жатқан нысандарға, әсіресе, облыс аудандарындағы білім беру мекемелеріне қоғамдық бақылауды нығайту бойынша кеңес берді.
Комиссия отырысының нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы