Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық форум форсайт-сессия форматында өтті.
Форумға қатысушылар 4 топқа бөлініп-тіл жанашырлары, ғалымдар; ақпарат және медиакеңістік өкілдері, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, белсенді этнос өкілдері және жастар «Болашақ туралы ойлау, зерттеу, болжау» бойынша өз жұмыстарын қорғап, сұрақ-жауап және пікіралмасу болды. Сонымен қатар,«Болашақты құру»: мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында ұсыныстар берілді.
Форум соңында тіл жанашырлары мен мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытында белсенділік танытып жүрген азаматтар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамоталары,Алғыс хаттарымен, басқарманың Алғысхатымен марапатталды.