Биыл аудан бойынша 5787 гектарға жуық суармалы жерге егіс егіліп, оған дәндік жүгері мен жаздық арпа, тары, күнбағыс, көкөніс және бақша дақылдары егілген болатын. Қазір аудан дихандары күзгі жиым-терім науқанын жүргізіп жатыр.
Аудандағы Бірлік, Қызылтал ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары күзгі жүгері орымы мен тары ору жұмыстарын кірісіп кетті.
Биылғы жылы Бірлік ауылында жергілікті шаруалармен 1595 га алқапқа егістік егілсе, оның ішінде 400 га жүгері, 100 га арпа, 100 га жаңа жоңышқа, 810 га ескі жоңышқа және 50 га бақша, 35 га көкөніс, 10 га күнбағыс, 20 га картоп егілген. Бүгінгі күні 100 га арпа орылып, 8 центнер өнім алынды Ал жоңышқа екі-үш шабылып, төртінші шабындықтарын жинап жатқан шаруалар да кездеседі. Қазіргі таңда Ринат, Еркебұлан шаруақожалықтарында жүгері ору жұмыстары жүргізуде. Шаруақожалықтар бірі 30 га, бірі 12 га жерге жүгері еккен болатын,қазір сол екен өнімдерін шабу үстінде – дейді ауылдық округ әкімі Қуаныш Оспанов.
Қазіргі таңада шарауқожалықтар жүгерілерін толығымен орып қойса, орта есеппен гектарына 7-8 центнерден өнім алған.
Ауданымыздың Күшаман, Көкжелек, А.Назарбеков елдімекендері жесең тойымды, денсаулыққа ерекше пайдасы көп тары дақылын өсірумен көптен бері айналысуда. Мұнда ауыл шаруалары негізінен 60 күндік «қызыл тары» деп аталатын түрін өсіреді. Қазіргі таңда пайдалы дақылды ору жұмыстары да аяқталып келеді.
-Біздің шаруа қожалығы 12 га. жерді тиімді пайдаланып, оның 7- га-на жоңышқа, 2 га. жүгері және 3 га. тары еккен болатынбыз. Міне жаздай еңбегіміздің жемісін көретін күнде жақындап қалды. Жұрт пайдалы дақыл деп атайтын «тары» дақылына орақ салып, дәнін түсірудеміз.Түсімі жаман емес,1 га. жерден 40-42 қап өнім алудамыз, -дейді көкжелектік шаруа Сайлаубек Қосыбаев
Биылғы жылы Қызылтал ауылдық округі бойынша 1337 га алқап игеріліп, жергілікті шаруалармен 300 га жүгері, 300 га тары, 40 га арпа, 160 га жаңа жоңышқа, 440 га ескі жоңышқа, күнбағыс 15 га, картоп 15 га және 50 га бақша, 20 га көкөніс егілген.
Ал Күшаман ауылының шаруалары 401 гектар алқапты игеріп, 100 гектар жеріне тары еккен болатын. Қазіргі таңда шаруалар тары ору жұмыстарына дайындық жүргізіп, қырман дайындау үстінде екен.
Ендеше аудан дихандарының жаздай аласұрып жасаған еңбектері зая кетпей, дала аруы жүгері мен пайдалы дақыл тарымен қамбалары толсын деген тілек айтқымыз келеді.