Мойынқұм ауданында А.Назарбековтің 100 жылдығына орай «Мойынқұмды түлеткен тарлан еді…» атты облыстық ақындар айтысы өтті

0 6
Мойынқұм ауданы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А.Назарбековтің 100 жылдығына орай «Мойынқұмды түлеткен тарлан еді…» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді.
Айтыстың басты тақырыбына Мойынқұм – гүлденген өлке болса, сол өлкенің бүгінгі қуанышы, ауданның ірге тасын қалаған, дара тұлға, қоғам қайраткері Айтбай Назарбековтің 100 жылдық мерей тойы себепкер болды.
Айтысқа облысымыздың танымал 16 айтыскер ақыны сөз додасына түсті. 8 жұп болып өнер көрсеткен ақындар, сөз өнерінің майын тамызып, түрлі марапаттарға ие болды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.