Мойынқұм ауданында А.Назарбековтің 100 жылдығына орай құнан және аламан бәйге өтті

4
Аудан орталығы Мойынқұм ауылының күн шығысында орналасқан «Атшабарда» белгілі тұлға А.Назарбековтің 100 жылдық торқалы тойына орай Құнан және Аламан бәйге өтті.
Ат додасының ашылу салтанатына аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, А. Назарбековтің қызы Күләш Назарбекова және аудан ардагерлері мен ат спортының жанкүейерлері қатысты.
Жалпы бәйгеге Шу,Т.Рысқұлов және Мойынқұм аудандарынан келген Құнан бәйгеге 11, Аламан бәйгесіне 14 шабандоз қатысып, жылқы бабын саралады.
Ауданның ардагері, ақ сақалы Қойайдар Бердіғұловтің ақ батасынан соң, оқ бойы озған жүйріктерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Comments are closed.