А.Назарбековтің 100 жылдығына орай «Мойынқұмды түлеткен тарлан еді…» атты ғылыми-конференция өтті

0 5
А.Назарбековтің 100 жылдығына орай «Мойынқұмды түлеткен тарлан еді…» атты ғылыми-конференция өтті.
Конференцияға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы, Айтекеңнің қызы, Тараз қаласының Құрметті азаматы Күләш Назарбекова және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбеков қатысты.
Конференцияда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы айтулы күнмен барша жиналғандарды құттықтап, облыс әкімі Нұржан Молдиярұлының құттықтау хатын оқып берді.
Қатысушылар Айтбай Назарбековтің қызметі, Мойынқұм елді мекеніне сіңірген еңбегі, ұйымдастырушылық қабілеті мен «Малшылардың маршалы» Жаз атамен қоян қолтық қызмет жасағаны, құмды жерді үлкен қалаға айналдырғаны және рухани адамгершілігі тәрбиесі жөнінде жан-жақты тоқталды.
Конференция соңында Айтбай Назарбековтің 100 жылдығына орай шығарылған «Адамдық пен адалдық» атты кітаптың тұсауы кесіліп, қоғам қайраткеріне арналып түсірілген бейнефильм көрсетілді.
Конференциядан кейін ас берілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.