Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында шағын футболдан сайыс өтті. Жарысқа ҚАЖ департаментінің құрамасы, Тараздағы 5 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы, әділет полковнигі Рысбаев қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Іс-шараның мақсаты көпшілікті патриоттық сезімге тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
,Әдемі ойын өрнегін көрсеткен командаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.