Таласта зиялы қауым өкілдері саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алды

0 15

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Айтулы күнге орай Таласта зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен қала тұрғындары саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алды.

Еске алу шарасына аудан басшысы арнайы қатысып, тағзым етті.
Таласта саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі осы зұлмат заманда жапа шеккен жандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өтті.

Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Шараға зұлмат жылдарында ата-бабалары қазақ жерін паналап, құтты мекен еткен түрлі ұлт пен ұлыстың бүгінгі ұрпағы, этномәдени орталықтың өкілдері де аза тұтты.
Елдің кемелді келешегі үшін құрбан болған ардақтыларымызды ақтау, жаңарған қоғамда лайықты, мәртебелі ордарын беру — азаматтық парызымыз!

Бұл — тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.