Талас ауданында 34 мың бас мүйізді ірі қара тіркелген

0 6

Қарт Қаратаудың қойнауында орналасқан Талас ауданында мал басы өсіп келеді. Ветеринар мамандардың есебі бойынша ауданда 34995 бас мүйізді ірі қара, 413477 бас ұсақ мал, 17702 жылқы, 2677 түйе тіркелген. Ал талпақ танаудың саны 248 басты құрапты.

Талас ауданында эпизоотологиялық жұмыстарды жүргізу үшін 10-айға 204295,450 мың теңге қаражат бөлінсе, бүгінгі таңда оның 204295,450 мың теңгесі игерілді. 13 ауылдық округ және Қаратау қаласында 14 адам меңгеруші , 18 адам жоғарғы білімі бар мал дәрігері, 34 адам орта білімді вет фельдшер, 53 адам вет санитар болып қызмет атқарады. Вакциналар кешенді жоспар бойынша төрт-түлікке екпе салып, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар ауданда наурыз айынан бастап кешенді жоспарға сәйкес серологиялық жұмыстар да жүргізілгенін атап өту керек. 30 қазан 2023 жылдың есебі бойынша 42775 сиырдан, 456443 бас ұсақ малдан, сондай-ақ, түйе, жылқы, иттен сараптама алынған.
Биыл 12100 бұзау, 155100 қозы-лақ, 1072 бота, 50 торай бірдейлендірілген. .Аудан бойынша облыстық ветеринариялық басқармадан жылқы малын чиптеу үшін эмиссиондық номерге тапсырыс беріліп отырады. Әр ауылдық округ әкімдері қанша эмиссиондық номер керек екендігі жөнінде кәсіпорынға өтініш жолдайды. Сол өтініш бойынша кәсіпорын облыстық вет басқармаға хат жазады.Келген эмиссиондық номерлер ауылдық округтер бойынша таратылып берілген.
Аудан бойынша Ойық және Үшарал ауылдық окургтері МІҚ малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңға дейін Ойық ауылдық округіндк 83 бас МІҚ малы қолдан ұрықтандырылды. Ал Үшарал ауылдық округі бойынша 42 бас МІҚ малы қолдан ұрықтандырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.