Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильді орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Талас ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін Талас ауданы бойынша 1055 жұмыссыз тіркелген. Оның 93 азамат жастар тәжірибесімен, 1 азамат «ұрпақтар» келісім шарты бойынша, 30 азамат қысқа мерзімді оқумен, 30 азамат алғашқы жұмыс орнымен тіркелсе, 30 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, кәсіппен айналысуда. 351 азамат ақылы төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылған, 124 азамат жұмысынан айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақы алып отыр, 33 азамат «Күміс жас» жобасына жолданған. Уақытша жұмыс орындарына жолданбаған 363 жұмыссыз азаматқа жұмыс берушілер тарапынан түскен бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыстар жүргізілуде.
Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілердің назарына мансаптық орталық қызметкерлері күнделікті сайтқа жүктелген бос жұмыс орындарымен таныстырып, «Жамбыл Недр» ЖШС-гі өздеріне қажетті сегіз мамандық бойынша аталған мекемеде оқыту жүргізіп жатқандығын хабарлады.
Сонымен қатар, бүгінгі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 12 мекемеден тұрақты айлық жалақысы бар 38 жұмыс орны ұсынылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.