«Ауыл аманаты» жобасымен 15 кооператив техникалы болды

0 25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: — Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. «Ауыл-ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс,-деген болатын. Мұндаға дейін ауданда Үшарал және Ойық ауылдарында жүзеге асқан жоба аясында талап білдірген тұрғындардың тірлігі тіктеліп, нәсібін кәсібінен айырып келеді. «Ауыл аманатына» енген ауылдардың саны өсті. Қазір бұл қатарды Аққұм, Ақкөл, Берікқара, Бостандық ауылдық округтері толықтырды.

Кәсібін бастауға қаражат қолбайлау болып отырған тұрғындар мұндай игілікке үлкен ризашылығын білдіріп жатыр. Өткен аптада Байзақ ауданы «BNK GROUP ltd» ЖШС-гі базасының қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған шарада облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек облыстағы 10 ауданнан келген 15 кооператив төрағасына 55 дана ауыл шаруашылығы техникаларын табыстады.

-«Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл облысқа 24 млрд. теңге қаржы бөлініп, 33 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Кооперативтерге жаңа техника алуға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінсе, 2024 жылы 2,3 млрд. теңге қарастырылмақ. Нәтижесінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ауыл шаруашылығы техникалары паркін 10 пайзға жаңарту тапсырмасын орындауға мүмкіндік туады. Айта кету керек, техникалардың жалпы құны 803 миллион теңгені құраса, оның бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады,- дейді шара барысында Қанатбек Қайшыбекұлы.

Ауданға қарасты жаңа құрылған «Бостандық-2023», «Аққұм елі», «Ақкөл-Агро», «Araltobe-Agro» ауыл шаруашылық кооперативтеріне «ЮТО» және «МТЗ» маркалы 7 трактордың кілттері табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.