Тараз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған даму картасына сәйкес көлік жолдарындағы жүктемені азайту үшін екі көпір құрылысын жүргізу қолға алынды. Біріншісі Абай даңғылында болса, екіншісі Сыпатай батыр көшесінде.
Қазір Абай даңғылының темір жол үсті арқылы өтетін жол өткелі фмен жаяу жүргіншілер өткелі бөлігінің құрылысын салу мақсатында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке 16,9 млрд. теңгеге өтінім ұсынылған. Қазіргі таңда көпір құрылысын жүргізу үшін жол бойындағы жеке тұрғын үйлермен коммерциялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін 1,8 млрд. теңге және нысандарды сүру жұмыстарына 285,04 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет мұқтажы үшін қайтаруға қажетті жер учаскелерінің көлемдері нақтыланып, барлығы 61 нысан мемлекет қажеттілігі үшін иеліктен шығаруға жататыны анықталды.
— Меншік иелеріне ұсыныстар жолданып 42 меншік иесі келісім берді, мәслихат отырысында келісілді. Келіспеген 11 меншік иесінің құжаттары соттың қарауына жолданды. 3 жер
теліміне қатысты мемлекетке қайтару туралы қаулыға өзгерістер енгізіліп, қайта бағалауға жолданды.
Сонымен қатар, 2 жер учаскелерінің иелері мүліктерін мұрагерлікке қабылданғаннан кейін, тиісті жұмыстар жүргізіледі,-дейді қала әкімі.
Ал екіншісі Абай даңғылының Сыпатай батыр көшесінен Жамбыл даңғылына дейін Тараз қаласындағы темір жол және өнеркәсіптік аймақ арқылы эстакада салу жобасы. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Жобаның құны – 23,04 млрд теңге. Аталған эстакада салынған жағдайда жерүсті көпіріндегі үлкен көлік кептелісі едәуір азайып, қаланың шығыстан кіреберіс жолына және 14 мөлтек ауданына тікелей қатынауға мүмкіндік туады.