Грузиядағы Гудайури шаңғы курортында болған апат нәтижесінде 11 адам жарақат алды, олардың төртеуі украиндық, алтысы ресейлік және швед азаматы бар. Бұл туралы журналистерге Грузияның Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем және төтенше жағдайларды үйлестіру орталығының директоры Автандил Талаквадзе айтты, деп segodnya.ua хабарлайды.
Ресми өкілдің айтуынша, зардап шеккен жеті шетелдік азамат тікұшақ пен реанимобильдер арқылы Тбилисиге тасымалданады.
Алдын ала ақпарат бойынша, болған оқиғаға электр жарығының сөнуі себеп болып, орындықтар жерден кері қарай жылжып, бір-біріне соғылып, адамдар биіктіктен қарға құлай бастады.
Сондай -ақ, бұл ақпаратты жоққа шығарған «Energo-Pro компания Грузия» компаниясы Гудаури курортында «авариялық электр қуатының үзілуі немесе кернеу параметрлерінің өзгеруі болған жоқ,» — деп мәлімдеді.
Кейінірек, бұл мәлімдемені «Грузия тау шаңғысы курорты компаниялары» компаниясының басшысы Александр Онопришвили растады, оның айтуынша Гудауриде электр қуаты үзілмеді.
«Электр энергиясын тек қана аспалы жолда ғана өшірілген, себебі әлі күнге дейін анықталмаған, бірақ барлық кінәлілер жауапқа тартылады», — деді ол журналистерге.
Болған оқиғаға байланысты, Грузияның Ішкі істер министрлігі Грузияның Қылмыстық кодексінің «Теміржол, әуе немесе көлік құралдарының қозғалысы немесе қауіпсіздігі туралы қауіпсіздік ережелерін бұзу» баптары бойынша тергеу жұмыстары басталды.