Жамбыл облыстық мәслихатқа жаңа депутаттар сайланады

0 29

Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «25 наурызға тағайындалған мәслихат депутаттары сайлауына дайындық барысы туралы» брифинг өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 101 бабының 4 тармағына сәйкес  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық  сайлау комиссиясы тағайындайды. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау   наурыздың соңғы жексенбісінде және қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.

Осы заңға сәйкес, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 22 қаңтардағы №1 шешімімен 2018 жылғы 25 наурызға Жамбыл облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау  тағайындалған. Сайлауды әзірлеу мен өткізудің күнтізбелік жоспар бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.Сайлау Жуалы аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №2, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №12, Мойынқұм аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №4 сайлау округтері бойынша өтеді (барлығы 3 мандат). Сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс — шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, сайлау комиссияларының құрамы, сайлау округтері мен учаскелерінің шекаралары және орналасқан жерлері туралы хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылды.

Жоспар бойынша 2018 жылғы 25 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында кандидаттарды ұсыну жүргізілді. Жуалы ауданы бойынша 3 кандидат, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 3 кандидат, Мойынқұм ауданы бойынша 4 кандидат тіркелді.Кандидаттардың 3 — і «Нұр Отан» партиясымен, қалған 7 кандидат өзін — өзі ұсыну жолымен ұсынылғандар.Тіркелген кандидаттар туралы хабарламалар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.Кандидаттар мен олардың жұбайлары тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырды.Жуалы, Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандарының салық органдары ұсынған ақпараты бойынша декларацияларда айырмашылықтар анықталмаған. 5 наурызда тиісті әкімдер сайлаушылардың тізімдері  акт бойынша тиісті сайлау комиссияларына тапсырылды.

Жуалыда – 1980 сайлаушы, Т.Рысқұловта – 2666 сайлаушы, Мойынқұмда – 1432 сайлаушы тізімге енгізілген.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан 1 пайыздық резервпен 6140 бюллетень дайындауға тапсырыс берілді (Жуалы-2000, Т.Рысқұлов-2693,  Мойынқұм-1447).        

Сайлау бюллетеньдері 23 наурыз күні тиісті учаскелік сайлау комиссияларына жеткізілетін болады.

Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес кандитаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізуде.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленген және кандидаттарға шартты негізде берілетін үй-жайлар тізбесі мен кездесу өткізу кестелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Бүгінгі күнге сайлау туралы заңнамаларды бұзу фактілері бойынша арыз-шағым түскен жоқ.

Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында сайлауға әзірлік жоспарға сай жүргізіліп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.