Бұл жайында «Достық» үйінде өткен Облыстық ардагерлер форумында сөз болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Елбасының 5 бастамасы кәсіпкер – зейнеткерлерге де мол мүмкіндік. Жеңілдетілген несие арқылы ардагерлер де тірлігінің тынысын кеңейтуге ниетті. Мәселен, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің оннан бір бөлігі ардагерлер үлесінде.
«Осы салада еңбек еткеніме 52 жыл болды. Жасым 70 тен асса да еңбек етіп келемін. Өзіміздің артымыздан ерген жас ұрпаққа осындай тынымсыз еңбекті насихаттау керек. Қандай жағдай болмасын шаршамай жұмыс істеу керек», — Несіпкүл Байжанова, Шаруа қожалығының жетекшісі.
Мемлекеттен «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып, мал шаруашылығымен айналысып келеді. Шаруаның жұмысын әбден меңгерген. Ардагерлер арасында ұлтымызға тән құсбегілік, атбегілік өнерін төрге сүйреп жүргендер аз емес. Кәсіпкерлік деңгейіне дейін де жеткізген.
«Бұл құсбегілік өнер ешқашан өлмеуі керек. Біз бұны қазір кәсіп түріне айналдырдық. Менің ойымша осындай рухани құндылықты дәріптейтін кәсіпті дамыту керекпіз», — Этнограф Жапар Сатылғанов.
Елбасы жариялаған бес бастаманың бірі шағын несие беруді көбейту. Жиында ардагерлер осы үндеуді жан-жақты талқылап осы үдеріске зейнеткер-кәсіпкерлердің де белсене атсалысу керектігін атап өтті.