Латын графикасын арнайы оқытатын кафедра ашылды

0 15

Елімізде алғашқылардың қатарында ашылған арнайы кафедра Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің бөлімі. Осы оқу орынында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бүгіні мен болашағы жайында кезекті облыстық семинар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазіргі таңда Латын графикасының тарихы таразыланып, ерекшелігі зерделенуде. Әдістемелік нұсқаулықтар, оқу құралдары мен бағдарламалар  дайындалып жатыр.

5-6 дыбыстың көлемінде талқылау жүріп жатыр. 32 әріптен тұратын жаңа қазақ әліпбиін қалай оқытамыз? Оның оқыту әдістемесі қандай? Сауат ашу мәселесі қандай деңгейде болу керек? деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, ғалымдар өздерінің пікірлерін білдіруде. Осы бағытта атқарылған істі саралап, өзара тəжірибе жинау үшін бұл жиынның маңызы зор.

«Кафедраның аяқ алысы, бастамасы өте жақсы деп айтуға болады. Себебі, латын графикасындағы кейбір емлелік ережелер, терминологиялық ережелер, орфографиялық ережелерінде қандай кемшін тұстары бар практик ғалымдар ретінде осы өз ұсынысымызды Білім және ғылым министрлігіне, тілдерді дамыту орталығына беріп отырған жайымыз бар», — деді п.ғ.д., профессор Тұрсынай Әбдіқадірова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.