Ұлттық спорт ұлықталды

0 13

Астана қаласының 20 жылдығы мен Меркі ауданының 90 жылдығына орай Меркі жерінде ұлттық спорттың төресі  бәйге ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Оған республиканың барлық аймағынан келген 100-ге тарта атбегі тұлпар қосты.Ат спортының «Аламан» бәйге, «Құнан» және «Тай» жарысы бойынша өткен додаға Жамбыл облысының он ауданымен қатар, Алматы, ОҚО- мен Қырғызстаннан келген шабандоздар қатысты. Туған жер жобасы бойынша ауыл азаматы Ғабит Мырзахметов ұйымдастырған.

Мереке қарсаңындағы «Аламан» бәйге жарысы 19 шақырымға, Құнан бәйге 9 шақырымға, Тай бәйге 3 шақырымға созылды. Жарыстың қорытындысы бойынша Аламаннан бірінші орынды Алматы облысының Қарасай ауданынан келген арғымақ иеленсе, Құнан жарыстан Алматының Талғар ауданының тұлпары топ жарды.  Тай жарыстан бірінші орын Меркі ауданының шабандоздарына бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.