Облыс әкімі ауылдардағы қолданыстағы және жаңадан салынатын мәдениет нысандарының базасында түрлі мемлекеттік қызметтер ұсыну мүмкіндігін зерделеу тапсырмасы бойынша жиын өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
«Ауылдық клубтарда жыл он екі ай бойы түрлі мәдени шаралардың өткізілмейді. Демек, аталмыш нысандарды халық сұранысына сай әртүрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, бағдарламалар жайында кең көлемде мәлімет ұсынатын орталыққа айналдыру қажеттігі туындап отыр», — деді Асқар Мырзахметов.
Әзірге республиканың бірде-бір облысында жоқ жобаны қолға алу туралы бастама көтерген өңір басшысы бұл мәселеге аудан әкімдері мен жауапты басшылардың атүсті қарамауға шақырды.
Жалпы, облыс әкімінің тапсырмасына сай, облыстағы 160 клубқа жан-жақты талдау жасаланып, оларда ауыл тұрғындарына кеңес беріп, қызмет көрсететін мекеме ашу мүмкіндігі қарастырылған.
Асқар Мырзахметов жауапты тұлғаларға екі жұма ішінде өңірдегі мәдени нысандарды оңтайландыруға қатысты ұсыныстарды толығымен әзірлеп, жобаны іске асыру шараларын қолға алуды тапсырды.