Футболдан Қазақстан бірінші лигасының үшінші тур ойындары аясында «Тараз» командасы алматылық «Қайрат-А» командасын қабылдады. Тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
«Тараз» бен «Қайрат-А» командалары арасындағы кездесудің 1-ші таймы тартысты сәттерге толы болды. Осындай сәттердің бірінде Қайраттық ойыншылар тәртіп бұзып, Дудченконы айып алаңында құлатып кетті. Төреші 11 метрлік айып добын белгілеп, оны шеберлікпен орындаған Әділет Әбденаби ойынның алғашқы және соңғы добын қақпаға салды. Есеп 1:0. Матчтың екінші жартысында Тараздықтар бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша жерлестеріміз жеңіске жетті.
«Екібастұз» «Каспий» командасын да 1:0 есебімен жеңді. «Байқоныр» 2:0 есебімен «Оқжетпеске» жол берсе, «Мақтаарал» ойыншылары «Шахтер-Болаттан» 1:0 есебімен алға шықты. «Жетісу-Б» командасы «Алтайлықтарды» 1:0 — жеңсе, «Қыран» 2:0 есебімен «Ақтөбе Жас» командасынан басым түсті.
«Тараз» — «Қайрат А» 1:0
«Екібастұз» — «Каспий» 1:0
«Оқжетпес» — «Байқоңыр» 2:0
«Шахтер-Болат» — «Мақтаарал» 0:1
«Алтай» — «Жетісу Б» 0:1
«Ақтөбе-Жас» — «Қыран» 0:2