Қожа Ахмет Ясауидің құнды жазбалары көрмеге қойылды

0 0

Көне Тараз кешенінде  Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Дала Елінің жазба жауһарлары» атты көрме ұйымдастырылды. Онда Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейінің құнды жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Аталмыш көрме Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отыр. Көрме экспозициясында  Қожа Ахмет Ясауидің телегей теңіз мұралары, ұлы тұлғаның соңынан ерген шәкірттерінің  еңбектері қойылған. Атап айтар болсақ, олардың ішінде бұған дейін ешқандай көрмеде қойылмаған «Диуани Хикмет» кітабының түпнұсқасы  бар.

Рухани құндылықтарды арқалаған көрмеге 50-ге жуық экспонат әкелінген. Көрме  бұған дейін Астана, Алматы, Петропавл қалаларында ұйымдастырылған. Құнды жәдігерлерді басқа мемлекеттерге таныту үшін  «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейі келесі айда Түркия мемлекетіне бармақшы.

«Көрменің мақсаты осы бұрынғы құндық жәдіргерлерімізді халыққа кеңінен насихаттау. Қожа Ахмед Ясауидің ең құнды жәдігерін әкеліп отырмыз», — деді «Әзірет Сұлтан» тарихи мәдени қорық музейінің директоры  Нұрболат Ахметжанов 

Ал, Тараз жұртшылығы көрмені  30- сәуірге дейін тамашалай алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.