Жамбылда әскери борышын өтеген 1000 сарбаз үйіне оралды

0 19

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Отан алдындағы борышын өтеген 1000-ға жуық сарбаз  бүгін үйлеріне аман — есен оралады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап. 

Олар бір жылда  қорғаныс өнеркәсібінің озық технологияларын игеріп, әскери техниканы меңгеріп,  жауынгерлік қабілетті шыңдады. Байтақ еліміздің 4 тарабынан келген сарбаздарды  салтанатты түрде шығарып салды.

 «Күнделікті жауынгерлік дайырлықтың арқасында, спорт дайырлығы, дене шынықтыру дайырлығының арқасында бүгінгі таңда өздерінің белгілі бір дәрежесіне жетіп отыр. Ең бастысы олар нағыз әскери достықтың не екенін біліп, өздерінің үйлеріне нағыз ержүрек азамат болып қайтып бара жатыр», — деді 85395 Әскери бөлімінің бөлімше командирі Бағжан Айнақұлов.

«Бұрын мектепте жүрген кезде осы автомат Колашникованың шашып жинаған болатынбыз. Әскерге келгелі бері менің өзімнің жеке көрсеткіштерім одан әрі жақсарды. Осы көрсеткіштердің жақсарғанына байланысты мен өзімді өтек жақсы деңгейде көрсете аламын», — деді қатардағы жауынгер Райс Амантай.      

Дәстүрге сай әскери нышандарды қайта тапсырылып, жауынгерлер оқу алаңынан соңғы рет жүгіріп өтті. Ал,  мұндағы сардарлардың алдында жаңа міндет.  Жаңадан келген жас ұландарға әскери тактиканы үйретіп, жауынгерлік қабілеті шыңдалған жаңа лекті дайындауға кірісіп кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.