Жамбыл облысында фитосанитарлық сертификаттар заңсыз берілген

0 17

Жамбыл облысында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеріс барысында 10 мыңға жуық фитосанитарлық сертификаттардың заңсыз берілгені анықталды,- деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Атап айтар болсақ, 2016 жылдан 2017 жылдарға 9925 фитосанитарлық сертификаттар бөлінген.

Талдау жүргізу барысында Жамбыл облысының аумақтық испекциясының қызметкерлері жүйелі түрде фитосанитарлық сертификат беру кезінде толық емес құжаттармен мемлекеттік қызмет көрсеткені анықталған. Яғни, түскен өтініштер тіркелмей, кіріс мөрі қойылмаған, басшылықтың тиісті резолюциялары жоқ және түбіртектерді алу күні көрсетілмеген.

Мәселен, С. азаматтың өтініші 2016 жылдың 29 маусымында қабылданып, фитосанитарлық сертификаттар 2016 жылдың 26 маусымында шығарылған, яғни өтінім түскенге дейін 3 күн бұрын жасалынған.

Тексерістің нәтижесінде инспекцияның  бас маманы Ж.Сыдығалиевке қатысты ҚР ҚК 369-бабы 2-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.