Жамбыл облысында туу көрсеткіші төмендеген

0 65

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Өңірде медицина саласындағы ақпараттық жүйелерді дамытып, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру жоспарланып отыр.

Өткен жылы жоғары технологиялық оталардың саны 148-ден 494-ке дейін жеткен. Яғни, 3 есеге өскен.

Тағы айта кететін жайт, 2017 жылдың қорытындысымен жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда тұрақты болған, 1000 тұрғынға шаққанда 6,59%. Ал туу көрсеткіші  соңғы 5 жылда 1000 адамға шаққанда 12%-ға төмендеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.