Республикалық мониторингтік топ әлеуметтік нысандарды аралады

0 1

Республикалық мониторинг топ мүшелері «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы автошеру мен форумға қатысты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жамбыл ауданында өткен форум азаматтық секторды қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастыруға тарту болып табылатын марафон-эстафета аясында ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсұт Налибаевпен бірге Тараз қаласының №1 ХҚКО-да болып, мемлекеттік қызметтерге кеңінен қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Облыстық «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы филиалының халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Данияр Медетбеков қонақтарға толық экскурсия өткізіп, мекеме жұмысының барысы туралы хабардар етті және барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бар жағдайлар жасалғанын жеткізді.

Одан басқа, топ мүшелері облыстық перинаталды орталықта, Тараз қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы мен  Жұмыспен қамту орталығын аралап, хал — ахуалымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, арнайы мониторингтік топ негізінен азаматтық қоғам институттарының, бизнес, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері және танымал блогерлерден тұратын мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуын бағалауға арналған консультативтік-кеңесші орган.

Leave A Reply

Your email address will not be published.