Жамбылдық тұрғын тергеушіге миллион теңге пара бермек болды

0 0

Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті полиция қызметкері жемқорлыққа қатысты қылмыстың жолын кесті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, ҚР ІІД есірткіге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Қордай ауданында азамат Ш.-ны ұстаған. Одан тәртіп сақшылары 187,14 грамм героинді анықтап, тәркілеген.

Ары қарай аталмыш қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізу Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының қызметкері К-ға тапсырылған.

Тергеушіге азамат И. келіп, ұсталған адамның туысы болып танысқан. Ол қызметтік кабинетте тергеушіге өзінің туысына тағылған айыпты аса ауыр емес қылмысқа ауыстыруды сұрап, бір миллион теңге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚК-нің 367-бабында қарастырылған қылмысты (Лауазымды тұлғаға пара беру) жасаған.

ІІД-ден хабарланғандай, тергеуші алған, пара ретінде берілген 150 мың теңгені қайтару кезінде И. мен оның қарындасы ұсталған. Сот оларды екі айға қамады.

Санкцияық жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде азамат И.-дің заңсыз әрекеті құжатталып, заттай дәлелдер тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына бекітілген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.