Таразда жеке тұрғын үй құрылысы үшін 3752 жер телімі бөлінеді

0 0

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте қала әкімі Рүстем Дәулет айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Қазіргі уақытта, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімімен халықты қамтамасыз ету қаланың ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі күні кезекте 6 866 адам тұр.

Айта кетерлігі, өткен жылы осы бастамамен 360 жер телімі Сүлейменов көшесінің соңында жаңадан бой көтерген тұрғын ауданына берілді. Осыған сәйкес, алдағы уақытта 369 гектар жер телімі бөлініп отыр. Нәтижесінде, «Хамукат» ауданына 125 гектар, «Қарасай», «Құмшағал-Қарасу» аудандарына 126,6 гектар, сондай-ақ, Асқаров көшесінің бойы 321 гектар жер телімімен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта, жоғары бюджеттен қаржы бөлініп, жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қорытындылау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.