Таразда заңсыз сақталған қару-жарақ қабылдау басталды

0 0

Таразда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы басталып, оған мемлекеттен 11 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Өңірде соңғы бір апта ішінде құжаты жоқ 45 қару сатып алынған. Полицейлердің айтуынша, мұндай бастама қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, түрлі құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға септігін тигізеді. Былтыр халықтан 114 өтініш қабылданып, 220 қару және 2 граната алынды. Олардың әрқайсысының техникалық жағдайына қарай 20 мыңнан 240 мың теңгеге дейін төленеді. Оны арнайы комиссия анықтайды. Ал заңсыз қаруды өз еркімен өткізген тұлғалар заң алындағы жауапкершіліктен босатылады.

Қанат Құрманәлиев, облыстық ІІД ӘПБ  инспекторы:

— Бізде қару қабылданған жағдайда экспертизаға жіберіледі. Ішкі істер департаментінің эксперттері экспертиза жүргізіп, ол бойынша бізге қорытынды шығарады. Егер қорытындыда қандай бір қылмысқа қатысы бар мылтық бары белгіленсе, онда бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.