Таразда арнайы жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды

0 18

Бұл шара — түрмеден босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін арнайы өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Сотталғандар арасында басым бөлігінің мамандықтарының болмауына байланысты қысқа мерзімді кәсіби оқытуға жолданады.

Сосын, мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылады. Кәсіптік курстар ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған.

Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы жобасы бекітілуде.

Өткізілетін жәрмеңкеге бүгінде квотаға сәйкес 14 жұмыс берушілер 100 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың кірісін есепке алу, салық төлеуі және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысу мәселелері пысықталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.