Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде көре алады

0 0

Қазақстандық спортсүйер қауым отандасымыз Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы 38-ші жекпе-жегін тікелей эфирде көре алатын болды. Карсондағы бокс кешін елімізде Qazaqstan мен QazSport арналары көрсетеді.

Спорт жанкүйерлері «Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көре алмай қаламыз ба?» деп алаңдағаны рас. Дегенмен шаршы алаңдағы шайқасқа бір күн қалғанда еліміздің арналары көрсететіні жайлы қуанышты хабар жетті.

Геннадий Головкин басты жекпе-жекте жұдырықтасатын бокс кешінен трансляция әлемнің 151 еліне тарайды. Qazaqstan мен QazSport-тан өзге HBO, «Матч ТВ», «Матч! Боец» және BoxNation арналары көрсетеді.

Айта кетейік, боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп үлгерді. Генаның салмағы 160 фунт болса, Ванес 159,6 фунт болды. Яғни қазақстандық боксшы 72,574 кг, америкалықтың салмағы 72,393 кг-ды тартты. Салмақ айырмашылығы 181 грамм ғана. Орта салмақтағы боксшылар шектеуі 160 фунт болып саналады.

GGG бұл кездесуден 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алса, Ванес Мартиросян 225 мың доллар табысқа кенеледі. Ал жекпе-жектен түсетін қаржы бұл табысқа кірмейді. Оны боксшылар бөлек алатын болады.

Дереккөз:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.