Таразда жайма базарлар саны азаймақ

0 1

Бүгінде мөлтек аудандардағы жайма базарлар мен заңсыз жайлаған сауда дүңгіршектері қала ажарына нұқсан келтіріп тұр. Қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов базарларды аралап, жауапты мамандарға тапсырма  берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі шаһардың «сауда орталығы» атанып кеткен «Ақбұлақ» және «Қаратау» мөлтек аудандарындағы базарға бас сұқты. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолының жиегінде саудасын қыздырып жатқан дүңгіршектерді көрді.

Бұдан бөлек, ол сауда нысандарының жаяу жүргіншілер жолының жиегінде орналасып, тұрғындардың қатынауына өзінің кедергісін айтарлықтай келтіруде. Осындай мәселелерді көрген шаһар басшысы заңсыз тұрған сауда дүңгіршектерін алып тастау бойынша жауапты мамандарға тапсырма беріп, алдағы уақытта қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі «Қайқармет» базарында болып, ондағы келеңсіз жайттарға қанықты. Мәселен, сыртта ашықтан-ашық сатылып жатқан ет және балық өнімдері. Сонымен бірге, базардың ішін аралаған Ғалымжан Райылұлы сауда жасаушылардың сырт киім үлгісіне де көңілі толмайтындығын білдірді. Себебі, олардың ешқайсысы да санитарлық талапқа сай емес.

Шаһар басшысы бұдан өзге заңсыз салынып жатқан құрылыстарға да мән берді. Тіпті олардың кейбірі қызыл сызықтан асып кеткен. Сондықтан Ғалымжан Райылұлы олардың жұмысын тоқтатып тастатуға мәжбүр болды. Қала әкімі сонымен бірге сыртқы жарнамаларға назар аударды. Аңғарғанымыз «Мыңбұлақ» және «Аса» мөлтек аудандарындағы жарнама ілінетін орындардың бос тұрғанын көруге болады. Әкім қол астындағыларға осы мәселені шешуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.