Жамбыл облысында биыл 12 500 га жер егістікке қосылған

0 4

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысы Бейбітбек Жайлыбаев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыста барлық жер қоры 144 мыңға жуық гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жер көлемі 778,1 мың га құрап отыр. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 15 мың га ұлғайған.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жайылымдар көлемі 368 мың га құраса, ондағы мал саны 397,5 мың шартты ірі қара болып есептеледі.Ал осындай мал санына 2385,1 мың га жер қажет. Яғни, жетіспейтін жер көлемі 2016,8 мың га құрап отыр.

Тағы айта кетерлігі, облыс көлемінде жерге талдау жүргізу нәтижесінде елді мекен маңындағы аумақтардағы 69759 га жерде 469 жер пайдаланушы отырғандығы анықталды. Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айының 21-і «Жер Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар» қолданысқа енгізілді. Онда елді мекен маңындағы жерлерді «мемлекет мұқтажы» ретінде қарау түсінігі енгізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.