Жамбыл облысында апатты жағдайда тұрған 7 мектеп бар

0 9

Бүгінде облыста білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектептерде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Қазіргі таңда облыста апатты жағдайда тұрған 7 мектеп бар. Оның ішінде 3 мектептің құрылысы 2018 жылы аяқталады деп жоспарланса, 1 мектептің құрылысы биыл басталып, 2019 жылы аяқталады. Қалған 3 мектептің мәселесі 2019-2020 жылы толығымен жүзеге аспақ.

Сондай-ақ, өңірде үш ауысымда жұмыс істейтін 4 мектеп бар. Олардың да жағдайы мәз емес. Жоспарға сәйкес, 3 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде, ал қалған 1 мектептің құрылысы жергілікті бюджет есебінен осы жылы қолға алынбақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.