Жамбыл облысы қант қызылшасын егуді аяқтады

0 4

Жамбыл облысында биыл көктемгі егіс науқанында жоспарланғаннан да көп жерге қант қызылшасын екті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Ниғмашев айтқандай,  өңірдегі ауылшаруашылық дақылдарының маңыздыларының бірі болып табылатын қант қызылшасын  6500 гектарға егу жоспарланған. Бүгінде егін алқабы 8324 гектарға дейін көбейген, бұл жоспарланған мөлшерден 1824 гектарға артық. Яғни,128 % пайызға орындалды.

«Биыл Жамбыл облысының шаруа қожалықтары қант қылшасы тұқымымен толық мөлшерде қамтылған. Біз қайта өндеуге жіберілетін қант қызылшасының мөлшерін 150 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Еске сала кетейік, өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері Жамбыл облысында қант қызылшасын 42 мың га аумаққа отырғызған, шығымдылығы орташа алғанда 300 ц/а жеткен. 90-жылдары ірі агроқұрылымдарды жоюдың салдарынан қызылша өсірушілер кадрларын, техника мен технологияларын жоғалта бастады. Соның салдарынан 2009 жылға қарай өңір шаруашылықтарында қант қызылшасын өсіру 1,7 мың гектардан кем болған. Бүгінде қызылша өсіруден 60-тан астам Социалистік Еңбек Ері шыққан Жамбыл облысы бағалы дақылды өсіруді жолға қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.