1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық мәдениет үйінің алдында мерекелік іс – шара өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Осы орайда «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Отбасылық 7 команда арқан тарту, қаппен жарысу, жүгіру, секіру жарыстары бойынша сынға түсті.
Сонымен қатар, «Біз бақытты баламыз» атты асфальтқа сурет салу байқауы болды. Бұл байқауға көркемсурет үйірмесінің мүшелері, аз қамтылған отбасылардан құралған 60 бала қатысты.
Мерекелік іс – шараға қатысқан балалар, спорттық командалар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Демеушілер тарапынан балмұздақтар таратылды.