Таразда ҰБТ нәтижесі қорытындыланды

0 1

Осыған орай, бүгін қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен жиын болып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш  білдірген 1659 түлектің  1642-сі тестілеуге қатысты. Оның ішінде 277 түлек шығармашылық мамандықтарды таңдауына байланысты екі пәннен (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы) тест тапсырды. Сондай-ақ, №57,60 орта мектептерде 11-сынып  болмаса, өзбек тілінде оқытатын №4 орта мектеп (15 оқушы) пен Кешкі мектеп (139 оқушы) түлектері ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген жоқ.

Сонымен қатар, мектеп бітірушілердің қатарында 210 түлек шетелдің жоғары оқу орындарына (оның 138-і грант иегері атанған), 172-сі облысымыздағы арнаулы орта білім орындарына тапсыруына, 18-і Әскер қатарына баруына, 36-сы денсаулығына  және 139-ы жұмысқа орналасуға, 46-сы түзету мекемелерінде болуына байланысты ҰБТ тапсырған жоқ. Осыған сәйкес, ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға төмен болды.

Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 84,3 болып, 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,69  балға артты. Қала әкімі мен облыстық білім басқармасы арасында 2018 жылы жасалған меморандум индикаторы орындалды, қойылған меже — 81 балл болатын.

Жиын барысында Ғалымжан Райылұлы төмен көрсеткіш көрсеткен мектептерге ескерту айтып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылуы керектігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.