Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Қожаева мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қазіргі таңда, облыста 26 этномәдени бірлестік жұмыс атқаруда. Этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді нығайту бойынша 2018 жылы өткізілетін негізгі іс-шаралардың кешенді жоспарын жүзеге асыруға 67 млн. теңге қаражат қарастырылған. Этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 300 ден астам іс-шара өткізілген.
Соның бірі, «Алғыс айту күні» «Достық» үйінде көршілес жатқан Қырғызстан Республикасы Талас облысынан келген қонақтарды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қарсы алды. Іс шара барысында халық фольклорлық аспаптар көрмесі өткізіліп, әр этностың кеңінен танылған туындыларын орындалды. Сондай — ақ, көршілес екі ел халықтарының достығын нығайту мақсатында Талас қаласында «Қазақстан -дастық пен татулықтың мекені» тақырыбында фестивалінен басталып, осы жылдың 28 мамырында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында Қырғыз Республикасы этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен шекарааралық бірлестік фестивалімен жалғасын тапты.
Облыстық этномәдени бірлестіктерінде мемлекеттік тілді меңгеруге айрықша көңіл бөлініп, қазақ тілін меңгеруге 20865 адам қамтылып, оның 3392 бастамашы топ, 15794 жалғастырушы топ, 1676 тереңдетілген топтарға қамтылған. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында Жамбыл областық тілдер басқармасы мен этномәдени бірлестіктер арасында меморандумға қол қойылды. Мемлекеттік тілді және ана тілді меңгеруге жағдай жасалған.