Тарихи-мәдени орталықтар елді мекендерде құрылуы мүмкін

0 0

Жамбыл облысында тарихи-мәдени орталықтар елді мекендерде құрылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Қожаева ӨКҚ өткен брифингте мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазіргі таңда, жобалық офиске 2 жоба ұсынылып отыр.

Бірінші жоба — «Ұлы дала қазынасы» — тарихи-мәдени орталықтарын елді мекендерде құрып, оларды қажетті әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз ету. Өңірде тұратын этностардың дәстүрлері мен құндылықтары бойынша шеберлер және халық өнері дәстүрлері туралы деректі фильм мен бейнеролик түсіріледі.

Екінші жоба — «Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті» энциклопедиясын шығару және энциклопедия негізінде интерактивті карта құру болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру барысында этникалық топтарының дәстүрлері мен мәдениеті туралы энциклопедиясының көлемін 600 дана етіп шығару жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.