Тараздағы жасөспірімдермен жасалатын қылмыс деңгейі қандай?

0 1

Бұл мәселе Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысында сөз болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жиында кеңес мүшелері, қала әкімдігінің бөлім басшылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары мен жастар ісі жөніндегі комитет көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктері жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі, білімгерлердің бос уақытын тиімді өткізуі, жұмыспен қамтылуы мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы талқыланды.

ІІД жергілікті полиция қызметі басшының м.а., полиция полковнигі Мұрат Алтаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 19,4 пайызға төмендеген.

Осы уақыт ішінде 1701 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мектеп психологтары мен ЮПТ УПИ тарапынан семинар тренингтердің нәтижесінде өз – өзіне қол жұмсау фактілері 60 пайызға кеміген. Алайда, өкінішке орай жас балаларды зорлау фактілері соңғы жылдары жиілеп кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда. Аталған қылмыстың саны 2017 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.