Шу ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда

0 33

Шу ауданында ағымдағы жылы жалпы құны 7044,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде егін шаруашылығы 16,9 млн.теңге, мал шаруашылығы өнімі 7025,8 млн. теңгені құрады. Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 222,3 млн. теңгеге артып, 103,3 %-ға орындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Аудан бойынша 137 760 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік жер, оның ішінде 27 316 гектар суармалы жер, 110 444 гектар тәлімді егістік  жерлер бар. Ал егілген жер көлемі  106332 гектарды құрап отыр.

Биыл 14680 га күздік бидай, жаздық арпа 17284 га, жүгері 1368 га, 11488 га майлы дақылдар, қант қызылшасы жоспары 2000 га, картоп 1285 га, көкөніс 10234 га, бақша 6793 га жерге себілген.

Бүгінгі күнге Шу ауданы бойынша барлығы 2,38 гектар 8 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде жылыжай фермерлік жылыжайлар бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.