Шу ауданында 867 жаңа жұмыс орны ашылады

0 4

Шу  ауданында кешенді жоспар бойынша 3423 адамды жұмыспен қамту, оның ішінде тұрақты жұмысқа 1845 адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі күнге жұмыс іздеп базаға тіркелгені 1871 адам, оның ішінде тұрақты жұмысқа жолдама алған 1415 адам. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Ағымдағы жылы аудан бойынша 867 жаңа жұмыс орын ашылады деп жоспарланды. Жаңа ашылған жұмыс орны 474, орындалуы 54,7%-ды құрап отыр.

 

Сондай-ақ, нысаналы топтағы  мүгедектерді жұмысқа орналастыру жоспар бойынша 62 адам. Бүгінгі күнге 39 адам әр түрлі жұмыспен қамтылды.

Бүгінгі күнге Жұмыспен қамту орталығының автоматтандырылған кіші базасында 244 азаматтың өтініші қабылданып  жұмыссыз ретінде тіркелді. Оның ішінен «Маникюр шебері» мамандығы бойынша – 25 азамат, «Тігінші» мамандығы бойынша – 25 азамат,  «Мектепке дейінгі тәлімгер» мамандығы бойынша – 21 азамат,  «Жиһаз жинаушы» мамандығы бойынша – 21 азамат,  «ЭВМ оператор» мамандығы бойынша – 18 азамат, «Аспаз» мамандығы бойынша – 65азамат,  «Дәнекерлеуші» мамандығы бойынша – 19 азамат және Әскери техникалық мектебіне «жүргізуші» мамандығы бойынша – 11 азамат жолдама алды.

Бағдарламаның ІІ бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жалпы 47 адамға 255,7 мың теңге шағын несие беру және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық филиалы арқылы 232  адам оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 117 азамат Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып сертификат алды. «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан» 10 азамат 40 млн теңге мал өсіру бағытына шағын несие алды.

Бағдарламаның ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 705 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оған 160,7млн. теңге бөлінді.

Жастар практикасына 66,8млн. теңге қаражат бөлініп, 269 адамды қамту жоспарланды. Бүгінгі күнге 169 жас маман респубилкалық бюджет есебінен жұмысқа жіберілді, 62,8%. Игерілгені 29,8 млн. теңге.

Әлеуметтік жұмыс орнына 6,3 млн. теңге бөлініп, 85 адамды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 38 адам респубилкалық бюджет есебінен жұмысқа жіберілді. Игерілгені 2,9 млн. теңге.

Қоғамдық жұмысқа 120,1 млн. теңге бөлініп, 351 адам уақытша жұмысқа тарту жоспарланған. Бүгінгі күнге 372 адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.