Жерді электронды картаға енгізудің ерекшеліктері туралы ӨКҚ өткен брифингте Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Байзақ ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі 446,3 мың гектар болса, осы алқаптардан алынатын өнімдердің көлемі 6527,8 млн теңгені құрап отыр. Тынымсыз атқарылған тірліктің нəтижесінде, егістік көлемі де 1683,2 гектарға артып, 3,2 %-ға өсті.
Ауыл шаруашылығында ақылды техникаларды пайдалану өз нәтижесін беруде. 5,2 гектар жерде 5 жылыжай жұмыс істеп тұр. Бұл — аудан тұрғындарын қыс мезгілінде де көкөніспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр