Жамбылда жаңа әлеуметтік көмек жүйесі бойынша 3 түрлі жәрдемақы беріледі

0 0

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа әлеуметтік көмек жүйесі енгізілді. Аталған жүйе бойынша көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 3 түрлі жәрдемақы беріледі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ өткен брифингте облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Атап айтар болсақ, көп балалы отбасыларға табысына қарамастан тағайындалатын арнаулы мемлекеттік  жәрдемақы, екінші отбасылардың табысына қарай анықталатын 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы және үшінші атаулы әлеуметтік көмек болып есептеледі.

Сондай-ақ, әлеуметтік көмекпен жыл басынан 9265 отбасындағы 46169 адам қамтылды, оларға 867,8 млн.теңге көлеміндегі қаражат жұмсалды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 191,2 адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылып, қаралған қаржыны толығымен игеру жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.