Байзақ ауданындағы 16 ауыл ауыз сумен қамтылған

0 0

Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 16 ауылы ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды.

Халық саны бойынша бұл 37,2% құрайды. Үстіміздегі жылы 1 млрд. 498 млн теңгеге Кеңес, Абай, Мырзатай, Тегістік ауылдарына ауыз су жүйесі құрылысы жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарынан кейін ауыз сумен 20 елді мекен қамтылады деп жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 6 айында ауданымыздағы ауылдардың 161 үйіне ауыз су кіргізілді.

Атап айтар болсақ, Қызыл жұлдыз ауылында — 6 , Бурыл ауылында — 21, Құмжота ауылында – 54, Түймекент ауылында-62, Ынтымақ ауылында-8, Жетібай ауылында – 10 үйде ауыз сумен толық қамтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.