Жамбылда БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті (ФОТО)

0 1

Бүгін Тараз қаласы Достық үйінде Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Семинар-тренингтің басты қонағы – медиатренер Өркен Кенжебек пен саясаттанушы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Жарқын Түсіпбекұлы болды.

Қазіргі таңда жаңа медиа саласында Өркен Кенжебек пен Жарқын Түсіпбекұлы жоғары деңгейде қызмет етіп, әртүрлі тақырыптағы семинарларға қатысып жүр. Мәселен, бұған дейін Өркен Кенжебек «Ақпарат саласының үздігі» және республикалық «Нұр сұңқар» байқауының «ең үздік блогер» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ал Жарқын Түсіпбекұлы 2017 жылы БҚО әкімі аппаратының баспасөз-хатшысы қызметін атқарған кезінде БАҚ сауалнамаларының нəтижесінде «Жергілікті атқарушы органдар арасында ең үздік баспасөз қызметі» номинациясын иеленген болатын.

Биылдан бастап облысымызда аудан әкімдіктерінің баспасөз қызметін жандандыру бастамасы қолға алынғаны белгілі.  Бірақ ол қызметке бекітілген мамандардың бәрінің бірдей біліктілігі толысып тұр дей алмаймыз. Сол себепті, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесе «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг ұйымдастырды. Оған облыс әкімдігі басқармаларының және аудан әкімдіктерінің баспасөз хатшылары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған шарада қос маман «Ақпарат таратуда ескерілетін басты қағидалар және жылдам әрі шұғыл ақпарат таратудың тиімді жолдары», «Баспасөз қызметкерінің жауапкершілігі», «Мекеме жаңалықтарының БАҚ беттерінде көрініс табуы және оны ұйымдастырудағы баспасөз қызметінің рөлі» және т.б. тақырыптарда дәріс оқыды. Бүгінде жаңа технологиялар мен медиа дамыған қазіргі қоғамда ақпараттың алуандығы және тез тарауы таң қаларлықтай нәрсе емес. Әсіресе, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы күнделікті тарап жатқан миллиондаған хабарлар жарықтың жылдамығынан тез деуге болады. Семинар тренингте ақпарат саласының үздіктері осы бағыттар бойынша жан-жақты талдау жасап, ой қорытты. Қазіргі таңда барлық аймақта  өңірлік коммуникациялар қызметі жұмыс істейді. Олардың негізгі бағыты – халық пен мемлекеттік органдардың байланысын арттырып, баспасөз мәслихаты арқылы облыс, қала, аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының есептерімен елді құлағдар ету. Жиын барысында нақ осы іске жауапты баспасөз қызметкерлеріне ақпарат таратудағы қаперге алатын қажетті тың әдіс-тәсілдері жайында кеңінен тоқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.