Жамбыл облысында биыл 33 мектепке дейінгі мекеме ашылмақ

0 1

Өңірдегі 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көлемі 91 пайыздан асты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 93 пайызға жеткізу үшін 33 мектепке дейінгі мекеме ашылмақ. Оның 22-і жекеменшік балабақша. Бұл туралы дәл қазіргі уақытта «Баласағұн» ОКЗ облыс әкімі Асқар Мырхазметовтың төрағалығымен өтіп жатқан педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Айта кету керек, қазір облыста балабақша кезегінде 1 мен 6 жаста 34 мыңнан астам бала тұр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда аймақта жекеменшік балабақша үлесі 25 пайызды құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.