«Жастарды діни экстремизм мен терроризмнен қалай сақтандырамыз?»

0 117

Бүгінгі қоғамның, әсіресе жастар арасында өзекті мәселелердің бірі- экстремизм мен терроризм. Экстремизмнің қандай бір түрі болмасын, ол мемлекеттің тұтастығына, ұлттың қауіпсіздігіне, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде «экстремизм», «терроризм» терминдері қарапайым халық арасында да жиі айтылады. Шын мәніне келгенде, бұндай әрекеттерді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстыруға болмайды. Себебі, ол ислам дініне ғана емес, әлемдегі кез-келген дәстүрлі діндердің бір де біріне ешқандай қатысы жоқ, жат іс-әрекет. Ислам дінінде зорлық-зомбылық, қорқыту-үркіту, елдің берекесін алу, адам өлтіруге үзілді-кесілді тыйым салынғанын білеміз. Ислам діні – бейбітшілік діні, татулық пен сүйіспеншілікке жетелейтін әділ да турашыл дін. Бірақ «исламдық экстремизм» деген ой-түсінік қалыптастырып, көпшілікті жаппай адасушылыққа бұрмалап жүрген кейбір азаматтардың бұл істерін қалай түсінуге болады? Қай жағынан қарасақ та, экстремизмнің көздеген мақсаты теріс пиғылдағы іс-әрекеттер болып табылады.

Біздің мақсатымыз осы індетке тосқауыл қоюдағы дұрыс жолдарды тауып, алдын-алу.

Біріншіден, аталмыш тақырыптар аясында өткізіліп жүрген іс-шаралардың жұмыстарын әрі қарай дамыту; екіншіден, радикализм және басқа да деструктивті топтардың соңынан ілесіп кеткен азаматтармен жұмыс жасау. Яғни, құрамында білікті теолог, психолог мамандары бар арнайы топтардың теріс ағымдардың арбауларына түскен әрбір азаматпен жеке тілдесу арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Осы орайда діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылдың 13 ақпанында №69 қаулысымен «Дін проблемаларын талдау» секторы құрылған болатын. Қазіргі таңда секторда 4 қызметкер жұмыс жасайды. Аталған секторда дін мәселесі жөнінде қажетті мағлұматтар беріледі. Жалпы Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемелекеттік мекемесі 2018 жылғы бекітілген жоспарға сәйкес жастардың діни сауаттылығын арттыруда жүйелі жұмыстар атқаруда. Жалпы жоспар бойынша жоғары және арнаулы оқу орындары мен қаламыздың орта мектептерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 39 іс-шара өткізілді.

«Аспара» колледжі, «Астана» колледжі, Жамбыл медициналық колледжі, Тараз мамандандырылған колледжі, №13 Тараз темір жол колледжі, «Парасат» колледжі, «Тараз техника және бизнес» колледжі, «Тараз медициналық Болашақ» колледжі, «Темір жол көлік» колледжі, «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі, Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясы, №10 орта мектебі, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі, №7 гимназиясы, №6 орта мектебі, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп гимназиясы, №46 орта мектебі, №26 Нұрай балабақшасы, №36 орта мектебі, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы, №11 орта мектебі, М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі, Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі, Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі, №15 мектеп-гимназиясы, Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясы, №54 орта мектебі, №2 қалалық аурухана, әскери полиция бөлімі, №1 Қалалық перзентхана, №5 Қалалық емхананың қызметкерлері және жастарымен «Деструктивті діни ағымдарға қалай қарсы тұруға болады?», «Дін және жастар», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіпі», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы», «Дін тәрбие діңгегі», «Жастар арасындағы діни ағымдардың қоғамға келтірер зардаптары!», «Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы», «Дін және Қоғам», «Діни сауаттылық заман талабы», «Жастар арасындағы діннің рөлі», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы», «Дәстүрлі емес діни ағымдарының қауіпі», «Шет елде діни білім алудың проблемалары мен оны шешу жолдары», «Діни сауатсыздық діни экстремизмнің бастауы», «Жастардың діни сауаттылығы және қазіргі қоғам», «Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы» т.б. тақырыптарда кездесулер мен «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Аталған шараға Үкіметтік емес ұйымдар мен Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағалары мен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуге қатысқандарға қажетті дін тұрғысынан мағлұматтар беріліп, «діни білімсіздіктің» экстремизмге жетелейтін себеп-салдары туралы толық түсіндіріліп, жастардың сауалдарына жауап берілді.

Сонымен қатар, қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындары Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университеті, «Парасат», Жамбыл медициналық колледжі, Тараз темір жол көлік колледжі жастарының қатысуымен 118 білімгерлерге сауалнама жүргізді.

«Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднамасы» бойынша тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, таратпа материалдары таратылды.

Бүгінгі таңда кейбір келеңсіздіктер осы отбасы, ошақ қасынан дұрыс бастау алмағандықтан туындап отыр. Сондай-ақ жастар арасында қазіргі әлемдегі экстремистік ұйымдардың мақсатын, олардың қарулы топ құра отырып, кез келген іс-әрекеттерге баратынын, дәстүрлі діннің қағидаларын бұзып, бұрмалап, дінаралық қайшылықты тудыратынын, сол сияқты халыққа жат идеологияны насихаттау, ұлтаралық араңдатушылық, іріткі салу фактілерін жан-жақты көрсетіп, ел тыныштығына, мемлекеттің тәуелсіздігіне, жалпы адамзатқа төндірер қаупін айтып түсіндіру қажет.

Жалпы адамзатқа жат осы бағытта түрлі идеяларға қарсы толеранттық қағидаларды, азаматтық бірлікті алға тарту керек. Бұл ең алдымен түрлі діни конфессия өкілдерінің, діни органдардың ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашағына жауапкер әрбір абзал азаматтың арлы ісі, патриоттық парызы.

Осылай сезінгенде ғана қазіргі таңда күрделі де маңызды мәселе болған экстремизмді, лаңкестік әрекеттерді алдын-алып, оның әрі қарай бой көтеруіне тосқауыл бола аламыз. Сондықтан бізге ең алдымен рухани білім керек. Осы білім арқылы ғана біз ненің ақ, ненің қара екенін саналы түрде айыра аламыз. Қоғам болып жұмылып, рухани тәрбиенің бірден-бір көзі болып саналатын дінімізді сақтап, қорғап, мұсылманшылық пен имандылықтың өркен жайып, халыққа қызмет етуіне себепші болайық.

Егерде сіз немесе сіздің туған – туыстарыңыз, жақындарыңыз теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шексе немесе жастар арасында дін мәселесі бойынша туындаған сұрақтарыңыз болса, онда сенім телефоны арқылы орталық мамандарының кеңесіне жүгіне аласыз: 8(7262) 54-12-70.

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының міндетін уақытша атқарушы

 Нұрлан Сатыбалдыұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.