Қуатжан Уәлиев Жамбыл облысына іссапармен келді

0 7

Бүгін Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев мәдениет және архив қызметкерлерімен кездесу өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елбасымыздың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын түсіндіру мақсатында өткен жиында басқарма басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев Мемлекет басшысының кезекті жолдауында еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында ортақ мақсатқа қол жеткізудің маңыздылығын баса айтты. 

Іссапармен келген Қуатжан Уәлиев бұл жолдаудың бұрынғы жолдаулардан ерекшелігі берілген тапсырмаларды орындау барысына берілген уақыттың тығыз екендігін атап өтіп, мәдениет саласына қатысты мәселелерге тоқталды.

Кездесу барысында облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, облыстық қазақ драма театрының директоры Б.Бекжанов және облыстық мемлекеттік архивінің архивисті М.Рысдәулет өз ойларын ортаға салды. 

Түсіндіру жұмыстары соңында құрметті қонақ кітапхананың цифрландырылған ақпараттандыру және коворкинг орталықтарымен танысып, өзінің оң бағасын берді. Сондай-ақ, облыстағы тарихшылармен кездесу өткізіп, тарихи-мәдени орындарды аралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.