Асқар Мырзахметов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды

0 14

Облыс басшысы Жуалы ауданындағы жұмыс сапарын Нұрлыкент ауылдық округіндегі «Гамбург» ЖШС-нің көктемгі дала жұмыстарымен танысудан бастады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда серіктестік егістік алқабында күздік қара бидайды минералды тыңайтқыштармен үстемелеп қоректендіру, тырмалау жұмыстарын жүргізуде. 1997 жылы құрылған серіктестік жетекшісі – Кох Георг.

Егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтың 4816 гектар жері бар. Оның 2700 гектары егістік алқабы болса, 2116 гектары жайылым. Бүгінде 1253 гектар егістікке жаңбырлатып суғару қондырғынсын орнатып, өз өнімін еселеп отыр. Иелегінде 61 жылқы, 1939 мүйізді ірі қара, 772 шошқа бар. Шаруа қожалықтың өзіне қажетті техникалары да жеткілікті болып шықты.

Атап айтар болсақ, 14 трактор, 3 комбайн, 8 автокөлігі бар. Барлығы 125 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік басшысы, оларға орташа есеппен 60-70 мың теңгедей айлық төлеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.