Сарысу ауданында жел электр станциясы іске қосылады

0 2

Бүгінгі таңда қолға алынып жатқан еліміздің өңірлері арасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту. Елбасының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы” атты Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше назар аудару керектігі баса айтылған. Осыған орай, Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек баламалы энергетика саласында жұмыс істейтін «Жаңатас жел электр стансасы» компаниясының өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге компания өкілдері Го Цян, Чжан Лян, Хэ Вуэй, Лей Июнь, Фу Сяобо, Дэн Чжицян, Вэй Ли, У Аньцзян және осы басқосуда аудармашы ретінде де екі жақты мәліметті жеткізіп отырған Байқоныс Әли қатысты. Сондай-ақ, ауданымыздағы тиісті бөлімдер басшылары мен Қазақстандық коммерциялық директор Ерлан Әлмағанбетов те болды.

Тараптар жалпы қуаттылығы – 100 МВт электр энергиясын өндіру жобасын талқылады. Аталған жоба кездесу барысында аудан басшысына таныстырылды. Жобаны ұсынушы — «Жаңатас жел электростанциясы» ЖШС-і жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр.

Сарысу ауданы, Түркістан ауылдық округінде орналасқан аталмыш стансаның іске қосылу мерзімі 2020 жылдың ақпан айы деп күтілуде. Электр қуатын бөлу схемасы әзірленіп «КЕГОК» АҚ келсімі алынған. Қыруар қаржыны құрайтын жобаның маңыздылығы, ауданның өсіп-өркендеуіне тигізер үлесі мол. Жаңа жұмыс орындары да ашылып, жұмыссыздар саны азаяды. Басқа да әлеуметтік маңызы бар ұсыныстар ортаға салынып, алдағы уақытта нақтыланатын болды. Аудан басшысы құрылысқа қажетті заттарды жергілікті жерден алуды ұсынды.

Сонымен қатар, станса ашылатын аймақтағы тұрғындар мен мал баққан басқа да азаматтардың қауіпсіздігіне баса назар аударған Қ.Қайшыбекұлы ұсынылып отырған инновациялық жобалардың маңыздылығын ескеріп, аймақ экономикасына тың серпін беретіндігін айтты.

Бүгінгі күнге құрылысын жүргізуші бас мердігер компания ретінде анықталған Қытай Халық Республикасының «China Power International Holding» компаниясының өкілдігі мен жұмысшылары келіп құрылыс алаңында дайындау мен жобалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысшыларға қажетті контейнерлер қойылып, техникалар жұмылдырылған.

Аталмыш компания өкілі өз кезегінде тұрғылықты жердің ішкі және көші-қон тәртібіне еліміздің салт-дәстүрі мен тіліне сыйластықпен қарайтындықтарын жеткізді.

Басқосу соңында аудан басшысы компания басшысына ауданның тарихы мен табиғаты туралы кітаптарды сыйға тартты.

Айта кетейік, жел электр стансасы – желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы. Ол — жел қозғалтқышынан, электр тоғының генераторынан, жел қозғалтқышы мен электр тоғының генераторын автоматты түрде басқаратын құрылғыдан және осыларды орнатып, қызмет көрсететін ғимараттан тұрады. Жел электр стансаларының жұмыс істеу принципі қарапайым: желдің күші қондырғының қалақтарын айналдырып, генератордың айналып тұратын білігін қозғалтады. Генератор өз кезегінде электр энергиясын өндіреді. Қазіргі кезде жел энергетикасы қарқынды дамып келе жатқан сала және кәсіпкерлерге жел күшімен электр энергиясын өндіру инвестициялық тартымды жобалар болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.